Экономика
Авто
Қазкоммерцбанк терроризмді қаржыландыруға қарсы заңды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Алматы. 29 шілде. 7kun.kz - Алматы қалалық арнайыландырылған аймақаралық сот "Қазкоммерцбанк" АҚ-ты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Банкке қылмыстық жолмен келген қаржыны жылыстау және терроризмді қаржыландыру заңнамасын бұзды деген айып тағылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2 бөлімі 214 бабы бойынша, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 250 АЕК, ал ірі кәсіпкерлікке - 900 АЕК дейін айыппұл қарастырылған (1 АЕК - 2269 теңге)
Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Лариса Коковинецтің мәліметінше, Қазком сот шешімімен келіспейді және қазіргі уақытта оларға шағым түсіру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.