Экономика
Экономика1
Қазақстан келесі маркетингтік жылда 8-9 млн тонна астық экспорттауды жоспарлап отыр
Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz - Қазақстан астық экспорттауда келесі маркетингтік жылы (2017 жыл шілде - 2018 жыл маусым) өткен жылдың көрсеткішін ұстап тұрады. Бұл туралы Астанада өткен брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гульмира Исаева хабарлады.
"2016 жылы 8,5 млн тонна дәнді-дақылдар мен ұнды экспорттап едік. 2017 жылы астық экспортының көлемі 2016 жылмен бірдей болады" - деді Гульмира Исаева.
Қазақстан 2016 жылы 23,7 млн тонна дәнді-дақылдарды жинады. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 18,5 пайызға көп.