Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда интернет-төлқұжат заңдастырылады

Қазақстанда интернет-төлқұжат заңдастырылады

Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz - Елімізде интернет-төлқұжат заңдастырылады. Онлайн-құжат азаматтарды қашықтықтан тіркеу жобасы аясында қолға алынған. Қазіргі таңда Ұлттық банктің арнайы тобы қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бұл туралы abctv.kz хабарлады.

Бұл бастамаға Ақпарат және коммуникация министрлігі, «Зерде» холдингі, Бірінші несие бюросы мен ірі банктер де қолдау көрсетіп отыр. Бүгінде жобаның тұжырымдамасы жасалған. Оған сәйкес азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтарында, Қазпоштада, банк бөлімшелерінде өздерінің мәліметтерін өткізе алады. Яғни, дауыс жазбасы, көз қарашығы, саусақ іздері, электронды қолтаңбасы мен фотосуретін тіркетуі тиіс. Сандық төлқұжат қазақстандықтарға кез келген қаржы және өзге де қызметтерді қашықтықтан алуына мүмкіндік береді. Жүйенің негізін халықаралық Морфобиометриалық компаниясы жасап береді. Әзірге жүйені енгізу мерзімі белгісіз.

«Интернет-төлқұжат көпмодальді биометриалық өнім, қызмет. Ол адамның саусақ іздері, көздері мен даусы арқылы тұлғасын анықтайды. Осылайша кез келген операцияны орындауға болады. Сондай-ақ, тұтынушыға қашықтықтан қызмет көрсетіледі. Бұл қоғамға сандық жүйені енгізуде үлкен рөл атқарады»,- деді «Бірінші несие бюросының» бас директоры Руслан Омаров.

Похожие материалы