Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың ІІ тоқсанында жалдамалы жұмысшылар жалақыларының сатып алу қабілеттілігі 2,9 пайызға қысқарды. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
ҚР тұрғындарының орташа айлық нақты жалақысы 4,4 пайызға өсті. Алайда тұтынушылық тауар мен қызметтің қымбаттауынан мемлекеттегі еңбек кірісі төмен болды.
2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында тек екі аймақта ғана шынайы жалақының өсуі байқалды. Олар Ақтөбе облысы (1,3%) және Маңғыстау облысы (0,8%).
Астана қаласындағы жұмысшылардың еңбекақысы инфляцияның әсерінен 0,1 пайызға кеміді. Ал Алматыда шынайы жалақы 5,2 пайызға азайды.
Айта кетейік, Қазақстанда жалдамалы жұмысшылар саны 3,5 млн адамды құрайды.
Еске салсақ, 2017 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстандағы жылдық жалақы 2 пайызға төмендеген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024