Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Qazkom Ресейдегі еншілесін Faster ақша аудару жүйесіне қосты

Qazkom Ресейдегі еншілесін Faster ақша аудару жүйесіне қосты

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz – Қазкоммерцбанк Ресейдегі еншілесін - «Москоммерцбанк КБ» АҚ-ын жеке тұлғаларға арналған Faster (өзінің жеке халықаралық ақша аудару жүйесі) жүйесіне қосты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, 2017 жылдың соңына дейін Halyk қаржы тобындағы банктерді қоса бастады. Жаңа қызмет енді Москоммерцбанктің Мәскеуде, Санкт-Петербургта және Калининградта қызмет көрсететін алты пунктінде қолжетімді.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы ақша аударымдары – ең өзекті бағыттардың бірі. 2016 жылдың өзінде-ақ, екі ел тұрғындары өзара 289 млрд теңге сомасында 1 755 мың ақша аударымын орындаған екен. Бұл барлық бағыттағы ақша аударым нарығының 50%-дан артық үлесін құрайды. Ал, Ресейге жүретін транзакциялардың көлемін Москоммерцбанкті Faster-ге қосу арқылы ұлғайтуға болады. Келесі кезекте Halyk тобының банктері тұр. Олар жыл соңына дейін біздің төлем жүйесінің қатысушысы болады деп күтіледі», - дейді Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров.

Аударымдарды теңгемен, АҚШ долларымен, еуро және ресей рублімен жіберуге, қабылдауға болады. Бұл ретте аударымның ең үлкен сомасы теңгемен 3 млн, АҚШ долларымен 10 мың, еуромен 10 мың, ресей рублімен 500 мыңды құрайды.

Айта кетейік, Faster-дің басты артықшылығы ол - оның жылдамдығы, ыңғайлылығы және тиімді тарифтері. Faster жүйесі арқылы ақшаны жіберу немесе қабылдау үшін банктік шоттың қажеті жоқ, тек қана аударым орындаушының/қабылдаушының жеке басын куәландыратын құжат болу керек. Қазіргі уақытта Faster аударым жүйесі 37 жақын және алыс шетелдерде қолданылады. Олардың ішінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Армения, Украина, Турция, Франция, Ұлыбритания, Австрия және т.б. елдер бар.

Тарифтерді  алдын-ала банк сайтындағы калькулятордан есептеп алуға болады - http://qazkom.kz/kz/personal-banking/transfer/faster/calculator

Похожие материалы