Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz - Ұлттық экономика министрлігінің статистика Комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов бағаның өсуіне байланысты халықтың сынына түсініктеме берді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы маусымдық азық-түліктердің бағасы ұдайы кеміп жатыр.
"Қолданушылардың сөзінше, статистика Комитеті инфляция көрсеткішін төмендетіп береді, ал жергілікті органдар, әкімдіктер, керісінше, көрсеткішті көтеріп береді деп айтады. Олардың сөзінше, аймақтарда мұндай бағалар жоқ", - деді Н.Айдапкелов.
Оның айтуынша, наразылық танытушылар қашанда табылады, ал дәлірек қарайтын болса, барлық маусымдық тауарлар арзандады.
Комитеттің хабарлауынша, 1 тамыз күні мемлекеттегі инфляция жыл басынан 3,8 пайызға артты. Ал айлық инфляция 0,1 пайызды көрсетті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024