Алматы. 11 тамыз. 7kun.kz - Алматыда 19-20 тамыз аралығында ерекше форматтағы «Star of Asia» халықаралық музыка фестивалі өтеді. Бұл айрықша шоу әлемдегі ең биік мұз айдыны «Медеуде» өтіп, оған әлемдік деңгейдегі артистер қатысады, ашық ауа сахнасында жүздеген түрлі көңіл көтеретін шаралар көрсетіледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұл ерекше музыка мерекесі болады, хип-хоптан RnB-ға, инди-поп, электр және рок, яғни түрлі бағыттағы әндерді заманауи үздік орындаушылар айтады. Әлемге танымал шетелдік диджейлер хэдлайнерлерге айналады. Концерттен өзге фестиваль барысында флешмобтар мен түрлі стильдегі би баттлдары да көрсетіледі», - дейді фестивальді ұйымдастырушылар.
«Star of Asia» фестивалі атауының өзі сахнаның ішіне енген ұшатын метеоритті елестетеді, үлкен арка пайда болады.
Медеуде алғаш рет радиальды формадағы сахна жасалады. Оның техникалық нюансына келсек, Қазақстанда радиальды формадағы сахна жасау өте күрделі. Авторлық жоба Германия, Ресей және Украинадан келген серіктестер арқылы жүзеге асады.
Атап өтерлік жайт, фестиваль ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Алматының Қала күні қарсаңында мегаполисте оқиғалы туризмді дамыту мақсатында өтеді.
Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша соңғы он жыл ішінде оқиғалы туризм жедел даму үстінде, мұндағы әлемдік айналым он мыңнан жүз миллиард долларға дейін өскен.
Қала басшылығы «Star of Asia» Алматыдағы туристік саланы өрістетудің негізгі элементтерінің бірі деп есептейді. Форматы жағынан мүлдем өзгеше «Star of Asia» континентальді фестивалі «Азия дауысының» өміршең дәстүрін жалғастырады.
Фестиваль артистері де көпшілікті қызықтыратыны сөзсіз, олар: Оңтүстік Кореяның «U-Kiss» тобы - Asia Song Festival, Chineese TOP Awards, Best Male Music Video, Korean Culture Entertainment Awards, Korean Video, Daejun Awards музыкалық сыйлықтарының лауреаты, Youtube арнасындағы жазылушылар саны 17 000 000 адам, Әзірбайжанның танымал әншісі Roya Instagramдағы фолловерлі жазылушыларының саны 1 100 000 адам, Өзбекстанның әншісі әрі актрисасы, 15 сыйлық пен номинация үздігі Rayhon (Instagram – 1 000 000 фолловер, Facebook – 8 777 фолловер), Индияның жарық жұлдызы Sanah Moidutty (Instagram - 13 200 фолловер, Facebook – 55 532 фолловер), өзбектің клубтық мәдениетінің жұлдызы DJ Piligrim (Instagram – 93 400 фолловер, Facebook – 7 030 фолловер), «Kral TV Muzik odulleri», «Al tin kelebek odulleri», «Istambul FM Alt in jdlleri» марапаттарының иегері, түріктің атақты әншісі Murat Boz (Instagram – 7 100 000 фолловер, Facebook – 5 057 717 фолловер) және басқалары.
Естеріңізге сала кетейік, билеттерді Kassir.kz, Chocolife.me, Ticketon.kz сайттарының және Республика Сарайы, Алматының Мега Орталығы кассаларынан сатып алуға болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024