Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Неге жалақы келесі айлыққа дейін жетпейді?

Неге жалақы келесі айлыққа дейін жетпейді?

Шығын көлеміне деген бақылау қатаң болмаған сайын, барлық мәселені қадағалап отырған күннің өзінде, бір нәрсенің қалт кетері сөзсіз. Ақырында сіздің үнемдегеніңіз нәтижесіз болғанын байқайсыз. Себебі сіз жоспардан тыс шығынға көңіл бөлмедіңіз. Бұндай жағдайда қажетті заттар тізімін азайтып, біраз нәрседен бас тартуға тура келеді.

Сіздің жалақыңыздың шығыны артып жатқанытаңданарлық жайт емес. Бар мәселе сіздің әдетіңізде. Отбасылық бюджетке кететін кішігірім шығын көлемі үлкен жалақыны құрайтынын естен щығармаңыз. Ендеше қандай әдеттерге назар аударған жөн?

Біріншіден, ол – жоспардан тыс, сыртқы ортада тамақтану. Иә, оған жұмыс уақытыңызда ішетін қарапайым кофеңіз, не болмаса, түскі ас кезіндегі алған балмұздағыңызды жатқызамыз. Немесе кей кездегі дәмді иісі мүңкігені үшін алынған фаст-фуд та осы тізімнің ішінде.

Сіздің не нәрсеге ақша жұмсағаныңыз маңызды емес. Маңыздысы – не себеппен жұмсағаныңызда. Осындай жайттарда әмияныңыздан ақшаны шығармай, ойланып, оны жаратпаған дұрыс. Сонда, келесі жолы өзіңізді еркелетіп, өзіңізге жұмсалған ақша көлемі әлдеқайда үнемді болғанын байқайсыз.

Екіншіден, үлкен отбасылы үй немесе көп достарыңның болғаны көп сыйлықтың алынатынын білдіреді. Ол да шығынды ұлғайтады. Әсіресе, сыйлық асығыстықпен алынса. Асығыстықпен, ойланбай алынған сыйлық қашан да өте шығынды болады. Сондықтан сыйлық таңдарда біраз күн бұрын ізденіп, сапалы, үнемді зат алған дұрыс.

Сонымен қатар ең дұрысы – бір жыл ішіндегі туған күндер тізімін жасап қою. Онымен қоса, мейрам күндерінде алынатын сыйлықтарға кететін ақшаны жинап, бөлек ұстау. Кезекті шоппинг жасаған уақытта, жеңілдіктерге көңіл бөліңіз. Себебі жеңілдіктер арасынан жақыныңызға керек затты тауып алуыңыз әбден мүмкін.

Тағы бір айта кетерлік мәселе, шығыныңыздың бөлігін кабельді телевидение, мобильді бірлік немесе т.б. осыған ұқсас нәрселер алады. Мұндай жағдайда теледидарды қаншалықты көретініңізге мән беру керек. Соған байланысты, бағасы тиімді, айына аз мөлшерде шығындалатын канал таба аласыз.

Бұл бар болғаны шығынның 3 оңай үлгісі ғана. Дегенмен бұған зор мән берген жөн. Не де болса, ақша есепті сүйеді. Есепті қаншалықты дұрыс жүргізген сайын, жеке қаржылық жағдайыңыз жақсара бермек.

Диана Құрманбекова

Похожие материалы