Алматы. 4 қыркүйек. 7kun.kz — Бұл туралы Президент бүгін парламент палаталарының біріккен отырысында айтты.
"I жартыжылдықта өсім 4 пайызды құраған. Мұндай қиын кезеңде бұл жаман көрсеткіш емес. Осы деңгейде ұстап отыру - үкіметтің міндеті", - деді президент.
Президент ол үшін индустриалды және инфрақұрылымдық бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастыру керектігін айтады.
Қазақстанның ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) қаңтар-шілде аралығындағы қорытынды бойынша 4 пайызды құраған.
Ұлттық экономика министрлігі ЖІӨ 2017 жылдың қорытындысы бойынша 3,4 пайызды құрауы мүмкін деген болжам жасап отыр.
Айта кетейік, ЖІӨ 2016 жылы 1 пайызға өскен.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024