Ақтөбе. 6 қыркүйек. 7kun.kz - Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, «KAZENERGY» ассоциациясы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин мен CNPC корпорациясының вице-президенті Ван Дун Цзинь қатысты. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
1997 жылы екі ел арасындағы келісім аясында Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) алғашқы инвестициялық жобасына айналған «Ақтөбемұнайгаз» АҚ құрылды. Осылайша, Қазақстан мен Қытайдың мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтығының тарихы басталды.
Облыс әкімі өткен 20 жылдың ішінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өңірдің экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін көп нәрсе жасағанын атап өтті. Бұған елімізге келген инвестициялар, жаңа техника мен технологиялар, салынған зауыттар дәлел. Сонымен, ынтымақтастық еткен жылдардың ішінде компания 100 млн тонна мұнай мен 51 млрд текше метр газ өндіріп, инвестиция 13 млрд теңгені құрады.
Сондай-ақ, компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Ақтөбеде құны 1,5 млрд теңге болатын жастар сарайының құрылысын аяқтамақ. Облыс аудандарында жүзеге асырылған әлеуметтік нысандар аз емес.
Жиынның қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР мұнай-газ саласындағы 20 жылдық ынтымақтастығына арналған символикалық ескерткіштің ашылуы болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024