Алматы. 7 қыркүйек. 7kun.kz - Алматыда Ықылас атындағы халық аспаптарының мұражайында ақын, әнші, композитор Ақан сері Қорамсаұлының домбырасымен күмбірлеп күй шертілді. Қазақтың халық ақынының ғасырлық тарихы бар музыка аспабын мұражайға танымал жазушы Сәкен Жүнісовтың ұрпақтары тапсырған еді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шығармашылық кеш барысында Ерлан Төлеутай Ақан серінің домбырасымен «Сырымбетті» күмбірлетті. Ақан серіге арналған шығармашылық кеште дәстүрлі музыка өнерінің өкілдері ақынның «Шәмшіқамар», «Маңмаңгер», «Балқадиша» және басқа да әндерін орындады. Алматының «Қала күні» аясында өткен музыка кешіне мәдениет пен өнер қайраткерлері, жұртшылық, жастар қатысты.
«Бүгінгі күні мұражайда 100-ден астам музыка аспаптары мен басқа да киелі заттар сақталған әрі олардың қатары жыл сайын жаңа экспонаттармен толықтырылып жатыр. Біз бүгін ерекше саяси оқиғаның куәсі болып отырмыз, Ықылас мұражайының қорына ұлы ақын Ақан серінің жеке домбырасы беріліп отыр», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.
Тек соңғы екі жылдың ішінде ғана Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы, Алматының мыңжылдық тарихи мұражайы ашылып, 5 рет айтыс және ақындардың «Алтын домбыра» мен қазақ ұлттық спортының «Ұлы Дала Ойындары» фестивальдері өтті.
Ақан сері – қазақ ән өнеріндегі қайталанбас тұлға. Ол 1843 жылы Солүтстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қоскөл ауылында туған, қазіргі кезде елді мекенге Ақан сері есімі берілген. Ақан сері зор дауысымен, музыка және поэзияға деген қызығушылығымен ерекшеленетін. Ол ұлттық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына мол үлес қосты. Ұлы ақынның өмірі туралы екі томдық роман жарық көрді, оның авторы жазушы Сакен Жүнісов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024