Алматы. 8 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 8 қыркүйектегі доллардың орташа бағамы 333,24 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 332,98 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 335,00 сауданың аяқталуы кезінде 333,60 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 42 млн 950 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 126.
Ақша айырбастау орындарында 8 қыркүйектегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 339 теңгені құраған.