Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түзету мекемесінің аумағы кәсіпкерлерге беріледі

Түзету мекемесінің аумағы кәсіпкерлерге беріледі

Ақтау. 13 қыркүйек. 7kun.kz —  Ақтау қаласының  бұрынғы ГМ 172/1 түзету мекемесі аумағы кәсіпкерлерге жер телімдері және әкімшілік ғимараттар ретінде беріледі. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлайды.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты бұрынғы колония облыс әкімдігінің балансына өтіп отыр. Аумақтың жалпы ауданы ­– 15 гектар. Әкімшілік ғимараттардан бөлек, 200 тоннаға дейін көкөніс сақтай алатын қоймасы бар. Инженерлік желілері тартылған. Бұл жоба облыстық әкімдіктен бөлек, «Каспий» ӘКК мен Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүзеге асырылады.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы