Шымкент. 14 қыркүйек. 7kun.kz – Сбербанк «Багжан лэнд» компаниясына Шымкенттегі сауда-ойын сауық орталығын салу үшін 945 миллион теңге қаржы бөлді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәміле «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры (КДҚ)» АҚ «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды көздейді.
«Бүгінде Сбербанк кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда жетекші орын алады. Сауда орталықтарын ашу жаңа ритейлирлерді тартуға және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, нәтижесінде ол аймақтың экономикалық өсуіне жағымды түрде ықпал етеді», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасының орынбасары Ельдар Тенизбаев.
Құрылыс жұмыстарын 2017 жылғы қарашаға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жаңа сауда-сауық орталығын толық іске қосу жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын болады.
«Багжан лэнд» компаниясында мейрамхананы, супермаркетті және ойын алаңдарын орналастыруға қатысты жалға алу ниетінің 3 шарты бар. Бұл мәміле Шымкентте жұмыс істеп тұрған «HYPER HOUSE» сауда орталығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Салынып жатқан ғимарат 5 деңгейден тұрады, оларға жер асты паркингі, сауда алаңдары, кинотеатр, балалардың ойын алаңдары және мейрамханалар кіреді», - дейді «Багжан лэнд» ЖШС директоры Жандарбек Сыдыков.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024