Астана. 27 қыркүйек. 7kun.kz - QAZAQ AIR әуекомпаниясы жыл сайын өтетін Astana Leisure 2017 көрмесінің аясында, 2017 жылғы операциялық қызметінің жетістіктерімен бөлісті, деп хабарлайды авикомпания баспасөз қызметі.
2017 жылы әуекомпания Қазақстан ішінде 16 бағыт бойынша тұрақты рейстерді орындап, 2016 жылмен салыстырғанда 51 пайызға көп жолаушы тасымалдады. Ал QAZAQ AIR-мен әуесапар шеккен жалпы жолаушылар саны 370 мың адамды құрады.
«Жолаушылар саны еліміз үшін маңызы зор ЭКСПО-2017 шарасын өткізу кезінде күрт артқаны анық байқалады. Осылайша 2017 жылғы жазда 2016 жылмен салыстырғанда жолаушылар саны 62 пайызға артты, – деп мәлімдеді QAZAQ AIR әуекомпаниясының коммерциялық директоры Адель Даулетбек. – Астанаға барамын деушілер саны 92 пайызға артса, елордаға рейстер саны 60 пайызға өсті».
2017 жылдың басынан әуекомпания борттары 72 пайызға толса, жазда ұшақтар 80 пайызға толды. Оған қоса жыл басынан бері жолаушыларды уақтылы жеткізу көрсеткіші 87 пайызды құрады.
Естеріңізге салсақ, 2017 жылы аймақтық әуетасымалдаушы Алматыдан Таразға, астаналық әуе айлағынан Шымкентке, Қостанайға, Жезқазған, Ақтөбе мен Атырауға рейстерді орындай бастады. Одан бөлек, демалушыларды жаз бойы чартерлік бағдарлама бойынша Ыстықкөл жағалауына апарды.
Сатылған билеттердің жартысынан көбі онлайн-сату арқылы жүзеге асырылды. Және жолаушылардың ыңғайына қарай қосымша онлайн-қызметтер енгізілді.
«Биыл әуекомпаниямыздың жетістіктері жоғары. Сол себепті 2017 жыл соңына дейін, басында жоспарланған 400 мың жолаушыдан асып түсетінімізге сенімдіміз», – деп атап өтті QAZAQ AIR әуекомпаниясының Басқарма Төрағасы Блэр Трехерн Поллок.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024