Алматы. 28 қыркүйек. 7kun.kz – Qazkom қарқынды түрде шағын және орта бизнесті кредиттеуді бастады және жыл соңына дейін ШОБ-тың ссудалық қоржынын алғашқы жартыжылдықтың қорытындысымен салыстырғанда 20 пайызға арттыруды көздеп отыр. Бұған 2017 жылғы шілдеде банктің негізгі акционерінің ауысуынан арзан қорларға қолжетімдік пен банкті капиталдандыру көрсеткіштерінің жақсаруы себеп болып отыр, деп хабарлайды Банк баспасөз қызметі.
Тамыздан бастап, банк шағын және орта кәсіпкерлерге орташа нарықтық бағамынан төмен мөлшерлемелер бойынша, шамасы жылдық 15 пайызбен қаржы ұсынып отыр. Егер 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚКБ ШОБ-ты мемлекеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен ғана қаржыландырған болса, бүгінгі күні банк өзінің жеке бағдарламалары аясында кредит беруді бастады.
2017 жылғы 1 қыркүйектегі деректер бойынша, ҚКБ жалпы сомасы 126,9 млрд теңгені құрайтын кәсіпкерлердің 283 кредиттік өтінімін мақұлдаған. Ссудалық қоржынын ұлғайту бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін банк 75 млрд теңге көлемінде 200-ден астам жобаны қосымша қаржыландыруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 61,6 млрд теңге сомасындағы 168 өтінім банктің тиісті органдарымен қарастырылып жатыр.
Бүгінгі күні ШОБ-тың ссудалық қоржынындағы жобалардың 61 пайызы банктің жеке бағдарламалары есебінен қаржыландырылып отыр, ал қалған көлемді мемлекеттік бағдарламаларының желісі бойынша қаржы алған ШОБ жобалары құрайды. Банк өз қаржыландыру бағдарламалары есебінен жыл соңына дейін ШОБ-ты қарқынды түрде кредиттеу арқылы жобалардың үлесін 70 пайызға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
ШОБ сегментіндегі кредиттік қаржының басым бөлігі - 91 пайызы кәсіпкерлер айналымдағы қаражатты толықтыру үшін, 7 пайызы ғана инвестицияға алатынын көрсетті. Ал салалық тұрғыдан алатын болсақ, бірінші орында сауда мен өндіріс тұр – 43% және тиісінше 39%, ал қызмет көрсету саласы 18 пайызды көрсетеді. Аймақтық бизнесте Алматы мен Көкшетаудың, сондай-ақ Қарағанды, Ақтөбе мен Оралдың кәсіпкерлері белсенділік танытып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024