Алматы. 4 қазан. 7kun.kz - ЦентрКредит Банкі Visa және MasterCard карталарынан төлемдерді қабылдай алатын K-Pay мобильді төлем терминалы арқылы транзакция жүргізу бойынша «Кселл» АҚ серіктесі болды. Ендігі жерде Банктің барлық КОБ клиенттері терминалды ЦентрКредит Банкінің желісіне мейлінше тез қоса алады. Бұл туралы Банк баспасөз қызметі хабарлады.
Мобильді POS K-Pay бизнестің түрлі сегменттеріне бағытталған және компанияның таралу желісі бар жерлердің барлығында жұмыс істейді. Бұл Қазақстан бойынша 5000-нан астам елдімекен. Терминалды «Кселл» компаниясының бөлімшелерінде сатып алып, артынша Банкке бару қажет.
«K-Pay көмегімен клиенттер қауіпсіз бизнеске, сенімді есептерге қол жеткізе алады және уақытын үнемдейді. Бұған қоса, әдеттегі POS-терминалдарға қарағанда бағаның төмендігін, оны пайдаланудағы ыңғайлық пен жеңілдікті атап өткен жөн. Мобильді төлем терминалы карта ұстаушыларға қызмет көрсету есебінен сауда-сервистік кәсіпорындардың айналымын ұлғайтуға көмектеседі. Карта иелері үшін бұл - қауіпсіздік, ыңғайлық. Себебі сатып алулар қолма-қол ақшаның сомасына тәуелді емес. Сатып алушылар үшін бұл шығынды мобильді банкинг арқылы бақылау, чекті алу және тауарды қайтару мүмкіндігі»,- дейді ЦентрКредит Банкінің банктік карталар және қашықтықтан басқару банкингі департаментінің директоры Татьяна Попова.
Мобильді терминал Android және iOS негізіндегі құрылғылармен үйлесімді. Бұған қоса, төлемдерді жүргізу үшін іске қосылған трафик Kcell/activ абоненттері үшін тарифтелмейді.
ҚР Ұлттық Банкінің мәліметі бойынша Қазақстанда төлем карталарын қолдану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізу көлемі өсіп келеді. 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша айналымда 16,6 млн төлем картасы бар, ал карталарды ұстаушылардың саны - 14,9 млн адамды құрап отыр. 2017 жылдың мамыр айында қазақстандық эмитенттердің төлем карталарын пайдалану арқылы жүргізілген транзакциялардың көлемі 1 096,7 млрд теңгеге жеткен. 2016 жылдың мамыр айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 32,5 пайызға өскен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024