Алматы. 9 қазан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 9 қазандағы доллардың орташа бағамы 342,92 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 342,50 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 343,50, сауданың аяқталуы кезінде 342,56 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 42 млн 300 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 170.
Ақша айырбастау орындарында 9 қазандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.07) Алматыда 347 теңгені құраған.