Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда шетелдік 8 телеарна хабар таратуды тоқтатады

Қазақстанда шетелдік 8 телеарна хабар таратуды тоқтатады

Алматы. 10 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда 11 қазаннан бастап Алма ТВ пакеттеріне кіретін сегіз телеарна хабар таратуды тоқтады. Бұл туралы «АлмаТел Казахстан» компаниясы ресми сайтында жазды.

Себебі телеарналар өкілдіктері Қазақстан аумағында міндетті тіркеуден өтпеген.

"2017 жылдың 11 қазанынан бастап  KBS World, ATV теледидар, TV5, Bloomberg, RT Documentary, RT Documentary HD, Russia Today және «Беларусь 24» телеарналары Қазақстан Республикасының аумағында өкілдіктері міндетті тіркеуден өтпеді. Сол себепті телеарналар кабелдік және спутниктік теледидар пакетінен, сондай-ақ интернет ТВ-дан алып тасталынады", - делінген хабарламада.

Похожие материалы