Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда прокуратура басқармасының бастығы ұсталды

Алматыда прокуратура басқармасының бастығы ұсталды

Алматы. 12 қазан. 7kun.kz — ҚР-ның Бас прокуратурасының Тергеу департаментінде Алматы қаласы Наурызбай АІІД тергеушісі Е. Әнуарбек және Алматы қаласы прокуратурасының қызметкері В. Тихоновқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды  Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қызметкерлерге ҚР Қылмыстық кодексінің 413-бабы бойынша (Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату) іс қозғалған. Сот алды тергеуді Бас прокуратураның жедел тергеу тобы жүргізіп жатыр. Бұрын бірнеше мәрте сотты болған Ж және Д-ны қылмыстық жауаптылықтан заңсыз босатқанынан екеуінің біреуі (қылмыскер қамауға алынған) қайта ауыр қылмыс жасаған. Қызметтік қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Е. Әнуарбек пен В. Тихонов уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды. Тергеу әлі де жалғасып жатыр.

Похожие материалы