Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бозымбаев: Енді мұнайшылармен жұмыс істеуіміз керек

Бозымбаев: Енді мұнайшылармен жұмыс істеуіміз керек

Астана. 23 қазан. 7kun.kz - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасының тұрақталатындығын айтады.

"Қазір АИ-92 маркалы бензиннің 40%-ін ресейлік өнім алып отыр. Ресейде бұл баға қымбат. Сол себептен бензин бағасы бізде орташа бағадан жоғары болып тұр. Қарашада ресейдің бензин үлесі елімізде 30%-ке қысқарады. Желтоқсанда Қазақстандағы ресейдің бензин үлесі 20% болады деп ойлаймыз. Қараша айында бізге өзіміздің мұнайшылармен жұмыс істеу керек болады. Яғни олар мұнай өңдеуші зауыттармен бірге өздерінің жоғарғы бағасын басуы керек", - дейді Қанат Бозымбаев.

Министр үш күннен кейін Павлодар мұнай өңдеу зауыты іске қосылып, қазақстандық бензиннің жеткізілуінен қараша айында баға тұрақталатындығын айтады.

 

Похожие материалы