Алматы. 13 қараша. 7kun.kz — «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Қазақстан Республикасы Үкіметінің, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының тапсырмаларына сәйкес қарашада Ресей Федерациясынан 90 мың тонна дизель отынын импорттайды, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Жұртшылықпен байланыс және жарнама жөніндегі қызметі.
«Біз өзіміздің әлеуметтік жауапкершілігімізді сезінеміз және ел басшылығы мен ұлттық компания қойған барлық міндеттемелерді орындаймыз», - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Бас директоры Қуандық Құлмырзин.
Алғашқы 9 мың тонна тиеп-жөнелтілді, қазіргі уақытта жанармай жолда келе жатыр. Қалған тиелім жақын уақытта жүргізілетін болады. Солтүстік, батыс және орталық өңірлерде температураның маусымдық төмендеуіне байланысты жанармай алдымен осы өңірлерге жіберілетін болады.
Қазақстанның оңтүстік өңірлері «PetroKazakhstan Oil Products» Шымкент МӨЗ шығарған дизель отынымен қамтамасыз етіледі.
Павлодар мұнай химия зауытынан басқа, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары максималды жүктемемен штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Зауыттарда өндірілетін барлық жанармай ішкі нарықта сатылатын болады.
«ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісі маусымаралық дизель отынының бағасын оны өндірген мемлекетіне қарамастан, литріне 155-160 теңге деңгейінде ұстап тұрады.
Осылайша, «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінде дизель отыны бойынша жағдай бақылауда тұр.
Диана Құрманбекова
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024