Алматы. 21 қараша. 7kun.kz — ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қазақстандық тауардың экспорты үлесінде органикалық өнімге айрықша екпін қоюды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз ДСҰ мен ЕАЭО аясындағы сауданы талқыладық. Осы орайда органикалық өнім «жасыл себетте» қамтылып отырғанын жақсы білеміз және бұл бағытта ешқандай проблема болмайды. Сондықтан да органикалық өнімге көбірек екпін қою керек. Бұл жерде көлем аз болғанымен, баға мәнінде көбірек ұтатынымыз анық», - деп атап өтті Сағынтаев Үкімет отырысында.
Сонымен бірге вице-премьер Ерболат Досаев ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті органикалық өнім бойынша төрт стандарттың жобасын даярлап жатқанын жеткізді.
«Біз осының барлығын қарастырып, желтоқсанда тиісті ұсынысты енгіземіз», - деп нақтылады Досаев.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, өсімдік шаруашылығынан картоп экспорты 19 есеге, Ресейге томат тұздығы пен қиярдың экспорты 3,5 есеге, Қытай мен Ресейге жаңғақ экспорты 3 есеге өсті.
Ұлыбританияға алғашқы рет арпа экспортталды. Иран мен Моңғолияға сұлыны жеткізу қайта жаңартылды. Күріш, қарақұмық, жарма, майлы дақылдар, жемістер, бақша дақылдары, қарбыз, кептірілген бұршақ пен көкөністер ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс және Қытай елдеріне 2 есе артты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024