Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тіркелген жеңіл көліктер саны бір жылда 1,8 пайызға артты

Тіркелген жеңіл көліктер саны бір жылда 1,8 пайызға артты

Алматы. 24 қараша. 7kun.kz — Тіркелген жеңіл көліктер саны бір жылда 1,8 пайызға (68,4 мың) өсті және 2017 жылдың қыркүйек айының соңында 3,92 млн бірлікті құрады, деп мәлімдеді ranking.kz.

3 жылдан асқан, ұсталған автокөліктердің үлесі бір жылда 84,9 пайызға дейін жетті. Жылдық өсім 3-7 жыл толған автокөліктер секторында 13,5 пайызға (53,2 мың), 447,2 мың бірлікке дейін тіркелді. Ал 10 жылдан асқандар 4,1 пайыз (91,9 мың), 2,36 млн бірлікті құрады. 7-10 жыл толған автокөлік саны, керісінше, 5,3 пайызға (18,4 мың), 329,9 мың бірлікке дейін кеміді.

Жасы 3 жылдан кем автокөліктер үлесі жылына 16,1 пайыздан 15,1 пайызға дейін төмендеді. Олардың саны 4,3 пайызға (27,0 мың), 593,3 мың бірлікке дейін азайды.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 589,3 мың бірлік автокөлік тіркелген. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,3 пайызға (40,3 мың) артып отыр.

2017 жылы тіркелген автокөліктердің көпшілігі 10 жылдан асқан немесе 66,3 пайызды құрайды. 2016 жылмен салыстырғанда 14,6 пайызға, 390,9 мың бірлікке дейін өсті.

Бір жылда 3 жылға жетпеген автокөліктердің үлесі 12,5 пайыздан 8,7 пайызға дейін төмендеді. Бұл мөлшер 24,8 пайызға, 51,4 мың бірлікке дейін азайды.Қазақстандықтар арзанырақ, әрі ұсталған автокөлік сатып алады. 3 жылдан асқан, тіркелген жеңіл автокөлік үлесі 87,5 пайыздан 91,3 пайызға дейін өсті.

ҚР ЕДБ-де 32  пайдаланылған автокөліктің 11-іне автокөлік несиесі  беріледі. Иеленетін автокөліктің жасына деген талапты 6 банк көрсетіп өткен. 5 жылдан (Нұрбанк) 15 (Еуразия Банкі) жылға дейін, Kaspi кез-келген жылдағы автомобильді несиелейтінін көрсетті.

Ең төменгі тиімді мөлшерлеме Kaspi сегментінде 7,06 пайыздан басталады. Ал Сбербанк 21,2 пайыздан, Нұрбанкта 22 пайыздан бастау алады. Орташа тиімді мөлшерлеменің көлемі 25,9 пайыз. Максимумдық мерзім 12 айдан (БЦК) 84 айға дейін өзгереді. (АТФ және Сбербанк). Көпшілікке мәлім мерзім - 60 айға дейін.

Похожие материалы