Алматы. 24 қараша. 7kun.kz — Қазақстандықтар 2017 жылы нан мен кондитерлік өнімдерді аз пайдаланды, бірақ макарон өнімдері мен кеспе сатып алуды арттырды, деп хабарлады finprom.kz.
2017 жылдың 9 айы ішінде Қазақстан Республикасы ішкі нарығында 567,9 мың тонна нан, торт және басқа да кондитерлік өнімдер өткізілді. Бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға төмен.2015-2016 жылдары нан, торт және ораманы тұтыну ұлғайған болатын.
Бірақ ұзақ мерзім сақталатын кондитерлік өнімдерге және макарон өнімдеріне сұраныс өсті. Осылайша 2017 жылы 2016 жылға қарағанда печенье мен кепкен нан 0,7 пайызға артық сатылды. Ал макарон өнімдері 13,1 пайыз, дәлірек 134,6 мың тонна сатылды.
2017 жылы макарон өнімдеріне деген сұраныстың күрт артуы осы өнімдердің бағасының төмендеуіне байланысты қалыптасады. Мысалы, 2017 жылы 10 айда нан бағасы 2,7 пайызға өсті.Сондай-ақ, макарон, кеспе секілді ұн өнімдерінің бағасы сол кезеңде тек 1,8 пайызға көтерілді.2017 жылы қаңтар-қазанда ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің бағасы 6,5 пайызға артты.
Бұл макарон өнімдеріне деген сұранысты қанағаттандыру үшін тек отандық өнімдер ғана емес, сонымен қатар мұндай өнімдердің импорты айтарлықтай өсті. 9 ай ішінде елімізге 31,1 мың тонна макарон, кеспе және ұқсас өнімдер импортталды. Импорт көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 45,8 пайызға өсті. Осы жағдайда Қазақстандағы макарон өнімдерінің импортының үлесі 16,3 пайыздан 20,3 пайызға дейін көбейді.
Жергілікті өндірушілер де макарон өнімдерінің өндірісін айтарлықтай арттырды. Бір жылда өсім 11,1 пайызды құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024