Алматы. 30 қараша. 7kun.kz — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Канада Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі арасында ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу бойынша асыл газдар мониторингінің радионуклидтік станциясын құру туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум шеңберінде Канада Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі Қазақстан Республикасына өтеусіз негізде асыл газдарға мониторинг жасау үшін радионуклидтік станцияны жеткізуді жүзеге асырады.
Станция өңірде ядролық сынақтардың салдарынан пайда болатын радиоактивті инертті газдардың болу нышанына ауа мониторингін күшейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дүние жүзінде жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін күшейтуге жағдай жасайтын болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің әлемдік қауымдастықпен мойындалған ядролық қаруды таратпау саласындағы саясатының арқасында канадалық тарап радионуклидтік станцияны Қазақстанда орнатуды ұсынды.
Құны 1 600 000 канадалық долларға тең станцияны пайдалану Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы – Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына тапсырылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024