Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz — Грузияның экс-президенті үйінің төбесінен секірейін деп тұрған жерінен ұсталды, деп хабарлайды Риа новости.
Киев орталығында наразылық шеруін ұйымдастырып, Президент Порошенконың қызметтен кетуін талап еткен ол, арнайы жасақтан қашып, сегіз қабатты үйдің шатырына шығып, секіріп кететінін айтып қорқытқан еді. Алайда онысынан түк шықпаған. Арнайы жасақ Саакашвилиді алып кетуге тырысқан, бірақ саясаткердің жақтастары автомобильді бөгеп, түрлі тәртіпсіздіктер жасаған. Артынша оны жақтастары босатып алған соң топпен бірге Рада ғимаратына қарай беттеген. Елдің Ішкі істер министрі Арсен Аваков болса "Саакашвили заңды сақтап, тағылған кінә бойынша жауап беруі керек", деген пікір білдірді.
Айта кетейік, саясаткерді ұстаған сәті бейнеленген видео интернетке шығысымен қолданушылар оны мазаққа айналдыруда. Шатырда өмір сүретін Карлсонға, әйгілі наркобарон Эскобарға теңеп, тіпті шатырдан секірмегені үшін қорқақ дегендер де табылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024