Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізіледі

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізіледі

Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 Қаулысына (әрі қарай – Ереже) сәйкес, кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде, жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзу құқығын тану үшін, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Ереженің 9-тармағына сәйкес, мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi, хабарландыру жарияланған күннен бастап, он жұмыс күн ішінде төменде көрсетілген құжаттар тізімін ұсынады:

1)    Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өтiнiш;

2)    Салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда, құрылтайшылық құжаттардың және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;

3)    Бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.

Аккредиттеуге қатысу үшін толық құжаттар топтамасы 2018 жылдың 30 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен келесі мекен-жайы бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, А блогы, 305 кабинет (кеңсе).

Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментіне 78-69-30, 78-69-93 телефон нөмірі бойынша жүгінуге болады.

Похожие материалы