Алматы. 26-қаңтар. 7kun.kz — Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов елімізде шығарылатын газбен жұмыс істейтін ірі энергетикалық компаниялар «ҚазТрансГаз» АҚ-ға 7 млрд теңге берешек екенін айтты, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
«Газбен жұмыс істейтін «МАЭК ҚазАтомПром», «Алматы жылукоммунқуат», «Жайықжылуқуат» компаниялары «ҚазТрансГаз» АҚ-ға 7 млрд теңге қарыз. Нақтырақ айтсақ, «МАЭК ҚазАтомПром» кәсіпорны газға 3,5 млрд теңге, «Алматы жылукоммунқуат» мекемесі 1,5 млрд теңге, Орал қаласындағы «Жайықжылуқуат» АҚ 800 млн теңге берешек. Мен тек ірі қарызы бар үлкен компанияларды айтып отырмын. Бірақ әрбір мекеме «ҚазТрансАймақ» АҚ-мен қарыздарын жабу жөніндегі қосымша кестелері бар. Сондықтан олардың жұмыс істеуіне шектеу қойылған жоқ», - деді комитет төрағасы брифингте.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024