Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында Дисней паркінің қазақстандық үлгісі салынуы мүмкін

Алматы облысында Дисней паркінің қазақстандық үлгісі салынуы мүмкін
Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz - Алматы облысында «Диснейлэндтер», «Юниверсал Студиос», «Лотте Уорлд», «Европа парк» сынды тақырыптық ойын-сауық саябақтарының баламасы салынуы мүмкін. Бұл туралы primeminister.kz сайтына берген сұхбатында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев айтты. «Алматы облысында өте қызықты жобаны іске асыру жоспарланған. Біздің «Дисней паркте» тақырыптық нақыш болғанын қалаймыз, ол тарихи тұлғалармен, қазақтардың көшпелі мәдениетімен байланысты болмақ. Ол — Аттила, Шыңғысхан, Әмір Темір, Бабыр, Сұлтан Бейбарыс. Бұл жақсы жоба және ол қолдауға ие болады деп ойлаймын», -дейді Рашид Күзембаев. Kazakh Tourism басшысының айтуынша жобаға Shanghai Shendi Group инвестор болуы мүмкін. Компания олармен кездесу өткізген және шетелдік компания тарапы қызығушылық танытқан. Shanghai Shendi Group әлемдегі бар алты «Дисней парктің» ең заманауи және ең технологиялы саябағы болып табылатын Шанхайдағы «Дисней парк» жобасын іске асырған. Рашид Күзембаевтың айтуынша бұл әзірге концепт, шеберлік жоспары кезеңінде, бірақ жобаның бастамашысы Алматы облысы әкімдігімен жер бөлу туралы меморандум жасасқан, әрі концепт бар. Қазір техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Похожие материалы