Сұрақ:
Банктен қоңырау шалып, қарызын қайтармай жүрген біреу туралы сұрай береді. Ол адамды танымаймын. Бұдан қалай құтылсам болады? Аяужан,
Жауап:
Аяужан, банктер кредит рәсімдеу кезінде клиенттен үш таныс адамның нөмірін сұрайды. Бұл егер клиент нөмірін жоғалтып алып, қайта қалпына келтіре алмаса, оны жақын таныстары арқылы тауып алуына сенім болуы үшін жасалатын тәуекел шарасы. Сіздің нөміріңізді кредит рәсімдеу кезінде біреу банкке берген болуы мүмкін. Әдетте кредит алып қайтарғысы келмейтіндер сондай қадамға барады. Кейін банктер ол адамды іздеу кезінде ол берген нөмірлер бойынша қоңыфрау шалып іздейді. Өкінішке қарай мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Мұүны әлеуметтік желідегі адамдардың жазба, пікірлерінен-ақ жиі көруге болады. Енді сіз ол адамды танымасасаңыз, банк мазаңызды алып жатса не істеуіңіз керек? Банктің әлеуметтік желідегі парақшаларын тауып, соған аты-жөніңізді, телефон нөміріңізді көрсетіп, бұл клиентке сіздің қатысыңыз жоқтығын айтып, өтініш қалдырыңыз. Банк 2 апта ішінде (көп жағдайда одан да аз мерізімде) жауап беруі тиіс. Немесе банк бөлімшесіне барып, өтініш қалдырсаңыз болады. Егер банк бұған құлақ аспай мазалауды жалғастырса ҚР Ұлттық банкінің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне шағым түсірсеңіз болады. Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесі Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67-үй мекенжайы бойынша орналасқан. Анықтама үшін телефон (727) 2 619-213.