Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жетілдіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселесін қарастырды, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.
Кездесу барысында Астана қаласының әкімі «2018-2020 жылдарға арналған Астана қаласының қоршаған ортаны жақсарту бойынша кешенді жоспарын» және «2030 жылға дейінгі астананың төмен көміртекті дамуының стратегиясын» әзірлеу барысында жүргізілетін жұмыс туралы мәлімдеді. Оның аясында әкімдік ҚР энергетика министрлігінің экологиялық заңнаманы күшейту бойынша ұсыныстарын дайындауда.
Сондай-ақ, қоқысты қайта өңдеу саласында заңнаманы жетілдіру мәселесі қарастырылды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024