Алматы. 6 ақпан. 7 kun.kz – Ұлттық банк «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ҚР Ұлттық банкінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Ұлттық банк басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №246 қаулысының қабылданғаны туралы хабарлайды.
Қаулы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы 418-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15-тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қаулыда Ұлттық банктің «Ашық деректер» порталында жарияланатын ақпаратын оңтайландыру мен өзектендіру көзделеді. Атап айтқанда, Ұлттық банктің қызметіне қатысты көрсеткіштер қосылып, рұқсат беру құжаттарының тізбесі кеңейтілді.
Сондай-ақ, қаржы секторы бойынша көрсеткіштер және сақтандыру туралы мәліметтер қосылды.
Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 қаңтарда №16249 болып тіркелді және 2018 жылғы 3 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





