Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Биткоинның бағасы 7 мың доллардан төмен түсті

Биткоинның бағасы 7 мың доллардан төмен түсті

Алматы. 6 ақпан. 7 kun.kz – Биткоинның құны 6 мың долларға жақындап келеді. Соңғы 24 сағат ішінде биткоин 23,78 пайызға бірден арзандады. Таңғы сағат 11:34-те биткоин 6 298,63 доллар болды, деп хабарлайды Coinmarketcap.com.

Айта кетерлігі, 1 ақпанда биткоинның құны 9 мың доллардан, 2 ақпанда 8 мың доллардан төмен түсті. Максималды бағасы 2017 жылдың 17 желтоқсанында 20 мың доллар болған еді.

Reuters-тің хабарлауынша, биткоин алтыншы сауда сессия қатарынан төмендеп келеді. 2017 жылы 1300 пайызға дейін көтерілген биткоин, 2018 жылы осы бағасының жартысынан жуығынан айырылды.

Криптовалюта британдық және американдық банктерінде кредит карталары арқылы биткоинды сатып алуға тыйым салынғаннан кейін төмендеуін жалғастырып отыр.

«Биткоин ары қарай да 5 мың долларға дейін төмендеуі мүмкін деп болжаймыз», - дейді Centtrip негізгі нарықтық талдаушысы Майлз Икерс.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы