Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – Мәскеудің Домодедово әуежайынан көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы бірден радар экранынан жоғалып кетті. Ол шамамен Мәскеу маңындағы Раменск ауданы аумағында құлады. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
«Ан-148 жолаушылары ұшағының радар экранынан жоғалып кеткені туралы ақпарат түсті. Болжам бойынша, Домодедово - Орск бағытында жолға шыққан ұшақ Раменск ауданы аумағында құлаған», - деді Ресей ТЖҚ өкілі. Ұшақ бортында 71 адам болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, Ресейдің Мәскеу облысында апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары болған жоқ. Ресейдегі біздің дипломаттар жергілікті қызметтермен ұдайы байланысып отыр және жағдайды бақылауды жалғастыруда. Әуе апатында қаза болған барша жандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп жазды Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасына.
«Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды. Олардың барлығы ажал құшты. Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында ұшақта болған барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерінің аты-жөндері жарияланды. Ажал құшқан жолаушылардың үшеуі - балалар.
ТАСС агенттігі «Саратов әуе желілері» компаниясына сілтеме жасап хабарлауынша, қаза болған адамдардың туыстарына шұғыл көмек ретінде 100 мың рубльден төленеді.
«100 мың рубль көлеміндегі шұғыл көмекті алу үшін көз жұмғандардың туған-туыстары "АльфаСақтандыру» АҚ-ға жүгіне алады», - делінген компания ақпаратында.
ТЖМ басшысы Владимир Пучковтың айтуынша, құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілетін болады. Апатқа не себеп болғандығына қатысты ресми ақпарат жоқ. Тергеу комитеті қайғылы оқиға ауа райының нашарлауы, экипаждың қателігі, сондай-ақ техникалық ақау салдарынан болуы мүмкіндігін айтады. Әзірге, оқиға орнынан бір қара жәшік табылды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024