«Бұл расында да үлкен көрсеткіш және бұл біздің 2017 жылды нәтижелі аяқтағанымызды білдіреді. Екі елдің арасындағы тауар айналымы 30 пайызға өсті. Осындай жетістіктерге қарамастан біз жақын арада тауар айналымын 5 млрд АҚШ долларына жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл ретте біз түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты арттыруға бағытталған нақты мәселелерді талқыладық», - деп атап көрсетті Ерік Өтембаев.
Сонымен қатар, шара барысында қазақстандық дипломат қонақтардың назарын екі ел арасындағы ынтымақтастықты мұнай химиясы мен агросекторда дамытудың маңыздылығына аударды.
Қазақстандық дипломат машина құрылысы саласындағы бірлескен жетістіктер туралы ерекше айтып өтті. Оның сөзінше, Қазақстанда «Ravon» көліктерін шығаратын зауыт осы жетістіктердің жарқын дәлелі.
«Бұл бағытта біз үлкен серпіліс жасап отырмыз, яғни біз машина құрылысы саласындағы мәселелерді шешіп, автокөлік өндірісін дамыта бастадық. Осылайша, Қостанайда, Өзбекстан өкілдерімен бірлесіп, «Ravon» көліктерін шығарамыз. 2018 жылы осы көліктердің санын жылына 7 мыңға жеткізуді көздеп отырмыз»,- деп түйіндеді ол.