Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz — Желіде ASUS компаниясының Zenfone 5 жаңа смартфонының алғашқы суреттері пайда болды, деп хабарлады life.ru порталы.
Порталдың хабарлауынша, жаңа смартфонның дизайны iPhone X дизайнына ұқсас және оның да жиектемесі болмайды.
"ASUS жаңа өнімінің техникалық сипаттамасының толық тізімі әлі жарияланған жоқ. Алайда, гаджет экранының пішіні 18:9 болатыны анықталды. Сонымен қатар, akket сайтында Qualcomm процессоры және Zenfone 5 қолданушы интерфейсінің жаңа нұсқасы жайында айтылады", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, Zenfone 5 ресми түрде MWC 2018 көрмесінде таныстырылады. Ол Барселонада 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді.
