Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz — ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев екінші деңгейлі банктердің банкоматтарында неге ұсақ ақша болмайтынын түсіндірді. Бұл туралы ол Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында мәлімдеді.
Онлайн сауал қоюшы банкоматтарда үнемі ұсақ ақша болмайтынына шағым білдірді.
«Бізге бұл мәселе жақсы таныс. Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерді ақшаның барлық номиналдарымен қамтамасыз етеді. Бірақ банктерге ірі ақша салған тиімді. Себебі, бұл жиі ауыстыруды талап етпейді. Сонда олар инкассацияға кететін шығынды азайтуға тырысады», - деді Ақышев.
Оның айтуынша, Ұлттық банк банктерді мәжбүрлей алмайды.
«Қатаң талап жоқ. Алайда, егер кімде шағым болса Ұлттық банкке онлайн режімде жүгіне алады»,- деді ол.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025