Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылдан бастап базалық мөлшерлемені төмендете бастадық - Ақышев

2017 жылдан бастап базалық мөлшерлемені төмендете бастадық - Ақышев

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz — ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өткен онлайн-конференция барысында базалық ставка туралы сұраққа жауап берді.

«Базалық ставка ақша нарығында жұмыс істеп келе жатқан барлық ставканың бағдары болып саналады. Бекітілген бағам аясында ақша ағымы қайта қаржыландыру саласынан алшақ болатын. Сол себепті Ұлттық банк еш шара жүргізген жоқ. Қазір базалық ставканы өзгерту арқылы біз банк табыстылығына ықпал ете аламыз. Оларды Ұлттық банкке немесе экономикаға салуға итермелейміз», - деді Ақышев.

Оның айтуынша, 2015 жылы базалық ставка 16 пайыз болатын, теңге құлдырамаған. Базалық ставка 2016 жылдың наурызынан бастап 17 пайызға көтерілді.

«Жоғары деңгейлі инфляция болатынын білдік (18 пайыз). Нарық жоғары пайыздық көрсеткішке бейімделген. Бізге жоғары базалық көрсеткіш керек болатын. 2017 жылдан бастап базалық мөлшерлемені төмендете бастадық. Басты критерий - елдегі инфляция көрсеткіші», - деді Ақышев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы