Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz — Оңтүстік Кореяда қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. 25 ақпан күні Пхенчхан олимпиадасында соңғы медальдар сарапқа салынып, жалпы командалық есепте 14 алтын, 14 күміс, 11 қоламен Норвегия бірінші орынды иеленді.
Екінші орынды Германия (14-10-7), үшінші орынды - Канада (11-8-10) иеленді. Үздік бестікте - АҚШ (9-8-6) пен Голландия (8-6-6) да бар.
Ал, Қазақстан бұл олимпиаданың қорытындысы бойынша 28-орынға ілікті. Қоржынына бір қола медальды салған Қазақстан секілді бұл орынға Латвия, Лихтенштейн де ие болды.
Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы қоржынындағы жалғыз қола жүлдені фистайлдың могул түрінен жарысқа қатысқан Юлия Галышева иеленді.
Сондай-ақ, олимпиада да Ресей 13-орын, Беларусь құрамасы 15-орын, Украина 22-орын алды. Азия елдері арасында Оңтүстік Корея 7-орын, Жапония 11-орын және Қытай 16-орынға ілікті.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025