Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) Құрылыстағы баға белгілеу орталығы құрылыстың сметалық құнын анықтау бойынша оқыту семинарын өткізеді.
Мұндай ауқымдағы баға белгілеу бойынша оқыту семинары Қазақстанда алғаш рет жүргізіліп жатыр.
Семинарға Қазақстан Репсубликасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті қатысады.
Семинардың шеңберінде мамандар құрылыс, жобалау және іздестіру жұмыстарына кететін шығындарды анықтау бойынша нормативтік құжаттардағы өзгерістер туралы айтып береді. Сметалық бағдарламалардың әзірлеушілері бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа жетілдірілген нұсқаларын ұсынады.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Құрылыстағы баға белгілеу орталығы құрылыстағы сметалық баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттардың әзірлеушісі болып саналады. Осылайша, кәсіби қауымдастықта барлық қызықтырушы мәселелерді тікелей сарапшымен талқылау мүмкіндігі пайда болады. Іс-шараға жоғары қызығушылықты есепке ала отырып, ұқсас оқыту семинарлары сәуір айында Алматы және Астана қалаларында өтетін болады», - деп хабарлады «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кульбаев.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024