Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz — Қаржы институттары үшін 2018 жыл несие портфелінің азаюымен және реттеушінің талаптарына байланысты резервтерді құру құнының өсуімен басталды. Бұл туралы «Казком Секьюритиз» аналитикалық бөлімінің директоры Нұрлан Ашинов мәлімдеді, деп хабарлайды LS.
Ашинов проблемалық несиелер қорының жабу деңгейі 2018 жылдың қаңтар айында өсіп, бұл, өз кезегінде, жақсы ықпал екенін айтады. Сондай-ақ, ол адамдардың проблеммалық кредиттердің көлеміне қарай көптеген қор ашатынын қоса кетті.
Оның айтуынша, есепті кезеңде несие беру 2,7 пайызға төмендеді.
«Бұл ішінара теңге бағамының 3,1 пайызға нығаюымен байланысты. 32 банктің бар болғаны 8-і ғана кредиттік қоржынның өсуін көрсетті. Алғашқы ондықтың арасында тек Kaspi Bank-тың (+ 1.3 пайызайға шаққанда) өсімі байқалды. Ірі банктердің арасында төмен деңгейді көрсеткен Қазком (-9 пайыз) болды. Активтерінің жалпы көлеміндегі несиелердің үлесі 2017 жылғы 47,5 пайыздан 46 пайызға төмендеді», - деді А.Ашинов.
Сонымен бірге, 90 күнге дейінгі бөліп төлеу бойынша ұсынылатын несиелер көлемі соңғы алты айда алғаш рет 9,3 пайыздан 9,8 пайызға ұлғайды. Бұл көрсеткіш ККБ (29,6 пайыздан 32 пайызға) мен Сбербанкте (6,1 пайыздан 8 пайызға дейін) байқалды.
Сондай-ақ, ірі банктердің ішінде жоғарғы деңгейлі проблеммалық кредиті бар банктер арасында «Қазкоммерцбанк» АҚ (32 пайыз) және «АТФ Банк» АҚ (9,9 пайыз) кездеседі. Бірақ жоғары уыттылық деңгейіне қарамастан, ҚКБ-да да, АТФ Банкта да проблемалы кредиттерді өтейтін жоғары деңгейлі қоржындары бар. (187 және 234 пайыз). Банк секторында тұтастай қамтылу деңгейі 175 пайызды құрайды», - деді ол.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024