Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Aviata мен Chocotravel бірікті

Aviata мен Chocotravel бірікті

Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz — Aviata.kz және Chocotravel.com әуе және темір жол билеттерін онлайн сатып алу қызметтерін біріктіру туралы мәмілені аяқтады. Бірлескен компаниялардың айналымы 100 млн доллардан асады.

Chocotravel.com жобасын қамтитын Chocofamily Holding, бірлескен туристік компанияға 600 млн теңге инвестициялайды. Қаражатты холдингтің инвесторлары қамтамасыз етеді.

«Алексей Лимен бірге Google офисіне барған сапардан кейін, сондай-ақ, «OPEN IT» компаниясының бірлескен білім беру бастамасын іске қосқаннан кейін, біз әлдеқайда тығыз қарым-қатынаста болдық. Кішігірім қазақстандық нарықта Казнеттің екі үздік командасының күш-жігерін және қорын біріктіре отырып, осы жалғыз қуатты қазақстандық қызмет көрсету арқылы халықаралық кеңеюді бастауға болатын кезде, бәсекелесудің қажеті жоқ екенін түсіндік. Сол үшін де біріктік», - дейді «Chocofamily» компаниясының негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов.

Туристік қызметтерді біріктіру бойынша келіссөздер 2017 жылдың мамыр айынан бері жүргізілді. Келісім шартқа сәйкес, компанияның қадағалау кеңесіне Aviata.kz және Chocofamily-ден екі өкілден енеді. Сондай-ақ, бір тәуелсіз директор болады.

«Біздің компанияларымыз жылына 900 мыңнан астам әуе билеттерін және 400 мың темір жол билеттерін сатуды қамтамасыз етеді. 2017 жылы олардың сатылымы екі есе өсті. Негізгі міндеттердің бірі - бірігуді жоғалтпау. Екі бренд те өздігінен басқарылатын болады. Олардың әртүрлі аудиториясы бар. Сонысымен олар бір-бірін толықтырады», - дейді Aviata.kz негізін қалаушы Алексей Ли.

Екі сайт пен қосымша да - Aviata.kz пен Chocotravel.com - пайдаланушыларға бұрынғыдай қолжетімді болады. Сонымен бірге, қызметтер біртұтас технологиялық алаңға ауыстырылады.

Бұл әуе билеттерге, оның ішінде арзан, ең жақсы бағаларды іздеу жүйесін жетілдіруге, брондау процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Тікелей қосымша арқылы ұшақта орынды таңдауға, рейске тіркелудің басталуы жайлы ескертпелер алуға мүмкіндік болады. Сондай-ақ, өзге де онлайн брондау қызметтерімен салыстырғанда, әуе билеттері 20 пайызға дейін үнемделеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы