Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz — Реттеушінің ашықтығын және болжамдылығын арттыруға бағытталған Қазақстан Ұлттық банкінің жүйелі түрде іске асырып отырған саясатының бір бөлігі халықпен ауқымды интерактивті қарым-қатынас жасау болып есептеледі.
2018 жылғы 22 ақпанда Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың дәстүрлі онлайн-конференциясы өткізілді. Конференция барысында үш сағат бойы онлайн-режимде қаржы реттеушісінің басшысы халықтың банк секторындағы ахуалы, теңге бағамы, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын кеңейту, қаржы секторындағы цифрландыру, криптовалюталарға деген көзқарас және басқа да көптеген мәселелер туралы сұрақтарына жауап берді. Сонымен бірге Д. Ақышев Ұлттық банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты және қаржы нарығындағы ағымдағы ахуал туралы айтып берді.
Бұл туралы толығырақ «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская Правда» газеттерінде «Ұлттық банк хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді» арнайы жобасының шеңберінде «Банктер, теңге бағамы, криптовалюталар және басқа да мәселелер туралы» материалынан оқыңыздар.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024