Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz — Еуразия мұсылмандары форумының қатысушылары Орталық Азиядағы ең зайырлы мемлекетті атады, деп хабарлады Sputnik.
«Мен бұл сұраққа жауап беруге қиналамын. Бірақ, менінше, бұл – Қазақстан. Біз қазір барлығымыз Қазақстан туы астында тұрмыз. Бізді басқа ел емес, Қазақстан мұсылмандарының рухани басшылығы шақырып отыр. Бұл форум Қазақстан тек өзін ғана ойламайтындығының себебі», - деді Омск пен Омск облысы мұсылмандарының Рухани басшылығының мүфтиі Бота Бакулин.
Атақты дінтанушы Досай Кенжетайдың айтуынша, жер бетіндегі ешбір мемлекетті ең зайырлы деп атауға келмейді.
«Әрине, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан да зайырлы мемлекетке жатады. Бірақ егер, бұл қағидалар толық сақталатын ел туралы айтатын болсақ, онда ол – Қазақстан. Бұны салыстырмалы түрде айтып отырмын .Мен Қазақстанды саясатты алып тастағанда, ең зайырлы мемлекет деп тұрғаным жоқ. Жер бетінде толық зайырлы мемлекет мүлдем жоқ. Себебі бұл идеология тұрғысынан емес, құқық бойынша қарастырылады емес пе?», - деді Яссауи ғылыми зерттеу орталығының директоры Досай Кенжетай.
Халықаралық Еуразия мұсылмандары форумы Астана өтеді. Жиында «Қазіргі замандағы мұсылман үмітінің бейнесі» мен қатысушылардың құжат қарары қабылданады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024