Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz — 2 наурыз күні Алматы қаласында Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың, Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті басшылығының, Ресей, Беларуссия, Литва елдерінен келген делегаттардың қатысуымен халықаралық конференция өтті. Жиында құрылыстағы ақпараттық модельдеуді (бұдан әрі – «ВІМ») енгізудің тәжірибесімен алмасу жүргізілді.
Конференция Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің аясында өтті. Ұйымдастырушысы Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) болды.
Конференцияның барысында құрылыс саласының өкілдері жобалауда, құрылыста және пайдалануда ВІМ-ді, сондай-ақ жаңа ВІМ-бағытталған халықаралық жіктеуші жүйені практикалық қолданудың проблемалық мәселелерін талқылады. Жасанды интеллект, құрылыс объектілеріне арналған заттар интернетін қолдану, «Жетік» қала үшін семантикалық модельдерді құру тақырыптары қозғалды.
Сонымен қатар, ВІМ технологияларын толығымен қолдану, оның ішінде ғимараттарды тиімді пайдаланудан түсетін максимал пайдалар, Жасанды интеллект негізіндегі шешімдер, «Заттар интернеті» және ІТ компаниялар мен «Стартап Қазақстан» бағдарламасын тарта отырып, экожүйені дамыту бағытында өзара әрекет ету бойынша ҚазҚСҒЗИ мен «Инновациялық Технологиялар Паркі» Автономдық Кластерлік Қорының серіктесітігі туралы келісім жасалды.
Барлығы іс-шараға құрылыс саласының 200-ге жуық өкілі қатысты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024