Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-ақпан аралығында байланыс кәсіпорындары 118,4 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды LS.
Салыстырмалы бағада бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға артық. Сонымен бірге қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтері 4,3 млн теңге (10,9 пайызға төмен), жергілікті телефон байланыс қызметтері 6,7 млрд теңге (5,7 пайызға төмен), интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету 39,1 млрд теңге (6,3 пайызға көп) және ұялы байланыс қызметтері 35,6 млрд теңгеге (2,5 пайызға көп) табысты болды.
Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес кеңжолақты интернетке (33 пайыз) және ұялы байланысқа (30,1 пайыз) тиесілі. Басқа телекоммуникация қызметтері кірістің 18,1 пайызын құрады. Ал, жергілікті телефон байланыс қызметтері 5,7 пайызды, кабельдік инфрақұрылымды және сымсыз желілерді тарату бойынша қызметтер 4,9 пайызды құрады.
Ақпан айында тіркелген телефондық абоненттер саны 3,6 млн, ұялы байланыс 26,5 млн, ұялы байланыс абоненттері 13,8 млн, тіркелген интернет абоненттері 2,6 млн болды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024