Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот үкімі шықты.
Қуандық Бишімбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 3-бөлігі ("Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi"), 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") және 366-баптың 4-бөлігі ("Пара алу") бойынша айыпталған болған. Сот қылмыстық істі қарап, оны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Осының алдында Қуандық Бишімбаев 2 млн доллар пара алды деген айыптауға жауап берген болатын.
"Пара алу бойынша айыптаудың маған қарсы екенін айтқым келеді. Бұл айыптау Исабектің, Айталиевтің, Бекжановтың куәлігіне негізделген. Тергеу кезеңі бойында менен де, жұбайымнан да, тіпті басқа біреуден де бұл пара табылмады. Айыптаушы 2015 жылдың 22 сәуірінде мейрамханада Тоқтаровпен, Айталиевпен және Исабековпен кездесуімде пара алуға келісім жасалды деп есептейді. Бұл шындыққа жанаспайды", - деген еді Қуандық Бишімбаев.
Айта кетейік, сотта бұл іс бойынша Қуандық Бишімбаевпен бірге 10 адам қамауда болды. Кейбір күдіктілер 2016 жылдың қараша айында қамауға алынған еді. Істегі қалған фигуранттар үй қамауында немесе ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр.
Естеріңізге сала кетейік, экс-министр 2017 жылдың қаңтарынан бері қамауда болған еді.Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024