Алматы. 16 наурыз. 7kun.kz – 2017 жылы берілген микрокредиттердің жалпы сомасы 228,2 млрд теңгеден асады, деп хабарлайды LS.
Бұл өсім 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 61 пайыз (141,86 млрд теңге) болды.
2017 жылы берілген микрокредиттердің жалпы саны 614,3 мыңға жетті, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 381,2 мың деңгейінде болған еді.
Республика бойынша берілген микрокредиттердің басым бөлігі (78 пайыз) Алматыда тіркелген микроқаржы ұйымдарында (МҚҰ) байқалады. Одан әрі қарай: Оңтүстік Қазақстан облысы – 12 пайыз, Астана – 3 пайыз, Қызылорда – 1 пайыз және Қазақстанда берілген микрокредиттердің 6 пайызы Қазақстанның басқа облыстарына тиесілі.
Кредиттердің басым бөлігі (53 пайызы) 2017 жылы тұтынушылық мақсаттарға, ал, қалған бөлігі бизнес үшін берілді. Сондай-ақ, микрокредиттердің 99 пайызы жеке тұлғаларға берілді. Оның ішінде 86 пайызы қысқа мерзімді несиелер.
МҚҰ-ның несие портфелі да артып келеді. 2018 жылы 1 қаңтарда ол 171,1 млрд теңгеге жетті. Ал, 2017 жылы ол 111,6 млрд теңгені құраған болатын. Сонымен қатар, 30 күннен астам МҚҰ-ның тәуекелдер портфелі несие портфелінің 4 пайызын құрайды.
МҚҰ-ның жарғылық капиталы 2018 жылдың басында төмендегідей болды: компанияның жартысы 50 млн теңге капиталға ие, ұйымдардың 23 пайызы 100 млн теңгеден 500 млн теңгеге дейін, 19 пайызы - 50 млн теңгеден 100 млн теңгеге дейін, 5 пайызы - 500 млн теңгеден 1 млрд теңгеге дейін иелік етеді. Тек 3 пайызы ғана 1 млрд теңгеден аса қаражатқа ие.
2018 жылы 13 наурызда Ұлттық банктің тізіліміне 152 белсенді МҚҰ тіркелді. МҚҰ-ның көпшілік бөлігі (36 пайыз) Алматыда, 15 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысында және 11 пайызы Астана қаласында тіркелген.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024