Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанға 78,2 млн долларға ұялы телефондар импортталды

Қазақстанға 78,2 млн долларға ұялы телефондар импортталды

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар айында Қазақстанға 78,2 млн долларға телефон аппараттары мен ұялы телефондар импортталды, деп хабарлайды LS.

Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (70 млн доллар) 11,7 пайызға өсті.

Жеткізілімдердің ең көп көлемі Қытайдан жасалды. Аспан асты елі смартфондарды бір айда 56 млн долларға сатты. Бұл 2017 жылға қарағанда 14,6 пайызға жоғары.

Сондай-ақ, Вьетнамнан техника 13,1 млн долларға импортталды. Сонымен бірге, Ресей телефондарды 2,9 млн долларға, Австрия - 1,4 млн долларға, Малайзия - 1 млн долларға және АҚШ - 1 млн долларға әкелді.

Похожие материалы